Алматыда соңғы қоңырау қашан және қандай форматта өтеді

4, 9 және 11 сынып оқушылары үшін оқу жылының аяқталуына орай салтанатты іс-шара өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ақпаратты Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтпаева айтты.

Ол мегаполис тұрғындарын алдағы оқу жылының аяқталуы туралы хабардар етті. Биылғы оқу жылын 313 мектептер, 12 мектеп-интернаттар және 85 техникалық және кәсіптік білім мекемелері аяқтайды. Бұл мекемелердің барлығында 400 мыңнан астам оқушылар мен тәрбиеленушілер білім алуда.

Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес оқу жылының мерзімі 2023 жылдың 31 мамырында аяқталады.

Соңғы сабақ күні барлық мектептер бекітілген кестеге сәйкес өз сабақтарын жүргізеді және оқу күнін сынып сағатын өткізумен аяқтайды. Сынып сағатының мақсаты – оқу жылын қорытындылау және жазғы демалыс кезеңіне балаларды әзірлеу, - деді Жанат Айтпаева.

Сынып сағаттарының сценарийлерін педагогтер әр сыныптың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетінше әзірлейді. Сынып сағатында оқу үшін кітаптар тізімін, сондай-ақ қарауға болатын фильмдер тізімін ұсынып, қауіпсіздік шараларын, алдын ала жоспарланып ұйымдастырылған демалыстың артықшылықтарын, қосымша білім беру ұйымдарына қатысудың тиімділігін, еңбек етудің пайдасын, ата-анаға, ата-әжелеріне көмектесудің қажеттілігін және жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы әңгімелеу ұсынылады.

Сынып сағатында негізінен патриотизм, отанды сүю, достық, татулық, ел тарихына, саяси репрессия мен аштық құрбандарының есімдеріне құрмет таныту тақырыптарына басымдық берілуі керек

Біз оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шараны өткізуге қатысты барлық мектеп дәстүрлерін қолдай отырып, мектептердің салтанатты жиын өткізу туралы шешімнің дербес қабылданатынын хабарлаймыз, - деп толықтырды қалалық білім басқармасының өкілі.

2022-2023 оқу жылы 28 мыңнан астам түлек 9-сыныптарды және 14 мыңнан астам түлек 11-сыныптарды бітіруде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы