Алматыда соңғы кезде өрт неліктен жиілеп кеткені белгілі болды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 20 мамыр мен 5 маусым аралығында Алматы қаласында 5 резонансты өрт болды. Бұл туралы Алматы қаласы төтенше жағдайлар Департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Арман Байгелов брифинг кезінде айтты.
Оның айтуынша, үлкен аумаққа жайылған өрттің біреуін сөндіру үшін арнайы өрт сөндіру техникалары мен қала су каналының суару машиналары және тікұшақ тартылған.
Барлық өрт тағайындауына, жану жүктемесіне және конструктивті ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі дәрежеде болды. Күштер мен құралдардан құралған шаралардың арқасында ешкім зардап шеккен жоқ. Карантин кезінде 1525 құтқарушы мен 287 бірлік техника арнайы қызмет режиміне ауыстырылды. Күн сайын жедел кезекшілікке 355 адам, 118 бірлік техника және 3 әуе борты қызметке кірісті, - деді ол.
2 нысанда болған өрт электр сымдарының жиі кездесетін қысқа тұйықталуынан орын алған.
26 мамырда Әуезов ауданы Мұстай Кәрім көшесі 1Б/3 мекенжайында, жаңа құрылыс нысанының аумағында 970 шаршы аумақтағы кесілген ағаштар сақталатын қойма мен 27 мамырда Жетісу ауданы Жетісу көшесі 46/б мекенжайында орналасқан "Гыньяз" қонақ үй кешенінен шыққан өрт 300 шаршы метр аумақты қамтыған, көк жалынның жеке тұрғын үйлерге таралуына жол берілмеді.
Үшінші нысандағы өрттің себебі, 29 мамырда Түркісіб ауданы Бекмаханов көшесі 96 Г мекенжайында дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандықтан көк жалын "МОЛ-КЭМ" ЖШС-ің қоймаларына өтіп, 1600 шаршы метр аумаққа жайылған. Төртінші нысан бойынша, 3 маусым күні Медеу ауданындағы Сағадат Нұрмағамбетов көшесі 150 мекенжайында жаңадан салынып жатқан мектеп ғимаратының төбесіндегі гидрооқшаулағышпен жұмыс кезінде ғимарат шатырынан өрт шықты. Оның аумағы 700 шаршы метрді құрады. Өрттің іргелес ғимараттарға таралуына жол берілмеді, - деді Арман Байгелов.
4 маусымда Медеу ауданы Назарбаев даңғылында автобуста болған өрт газ отын жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуінен болған. Бұл жағдайда жүргізуші мотор бөлігіндегі өртті дер кезінде анықтап, жолаушылар салонынан 6 жолаушыны эвакуациялап үлгерген.
Өрт қауіпсіздігі деңгейінің төмендеуінің негізгі себептері ғимараттардың өрттің жай-күйін басқарушы ұйымдардың басшылары мен жеке тұлғалар тарапынан бақылаудың аздығы, өрт режимін сақтамау және тұтастай алғанда өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамау деп санаймыз, - деді полковник.
Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және енгізілген мораторийге сәйкес, 5 нысанның 4-ін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен тексеруге жатпайтынын айтты.
ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, ерекше тәртіппен жоғары қауіпті нысандарға мысалы ауданы 2500 м2-ден асатын қоймаларға, ауданы 1500 м2-ден асатын сауда, тамақтану нысандарына және басқаларға міндетті түрде жылына бір рет тексеріледі. Осыған байланысты өрт қауіпсіздігі мен мемлекеттік және жеке меншіктің, сондай-ақ адамдардың өмірін өрттен сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдардың жауапкершілігі артып келеді. Сонымен, "Өрт қауіпсіздігі ережелеріне қойылатын жалпы талаптар" Техникалық регламентіне сәйкес - нысандардағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету нысандардың иелеріне, меншік түріне қарамастан ұйымдардың, кәсіпорындардың басшыларына, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге жүктелген. Өз кезегінде ұйымдардың басшылары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгіленген тәртіпте жұмыстың белгілі бір салаларында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты тұлғаларды тағайындауы керек, - деді ол.
Оның айтуынша, меншік иелері келесі мәселелерге назар аудару керек:
- өрттен және түтіннен тазарту жүйелерін тазалап ұстау, олар болмаған жағдайда орнату бойынша шаралар талап етіледі;
- электротехникалық шаруашылықты жақсы жағдайда ұстау;
- дәнекерлеу және өрт жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
- нысан персоналдарымен міндетті түрде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы нұсқаулықтар өткізу.
Байгелов сөзін қорытындылай келе, Алматы қаласындағы шаруашылық нысандарында өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасып жатқанын жеткізді.