Алматыда соңғы аптада қураған шөп өртенуінің 25 жағдайы тіркелді
Алматы, BAQ.KZ. Өрт сөндірушілер 30 наурыздан бастап жалпы ауданы 8,5 мың шаршы метр болатын 25 өрт жағдайына шыққан.
ТЖД-нің мәліметінше, 6 Сәуірде сағат 15:28 Өжет шағынауданында, Шалкөде, Алатау ауданында 1000 м2 болатын 10 өрт тіркелген, оған қоса жалын жеке үйге жақын шаруашылық құрлысына тараған.
Тұтануды жоюға 7 бірлік техника мен жеке құрамнан 20-дан астам адам жіберілді. Өрт сағат 16:00-де (келген сәттен бастап 23 минут) ауыздықталып, сағат 16:30-да (келген сәттен бастап 53 минут) сөндірілді. Өрттің себебі ашық от көзі болды. Сол күні кешке сағат 19:50-де өрт сөндірушілер Наурызбай ауданы, "Almaty Hils"ат клубының жанындағы Ғаламат шағын ауданына барды. S=250 м2 құрайтын тау баурайында қураған ағаш өртенді. Техниканың кіруі қиын болуына байланысты өрт сөндірушілер оқиға орнына жаяу келді. Тұрғындар өрт сөндірушілерге жол нұсқады,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ қаланың Алатау , Бостандық, Түрксіб аудандарында өрттің алдын алу шаралары басталған. Онда аудан әкімдіктері күштерінің көмегімен бірнеше гектар көлемінде құрғақ өскен шөпті шабу жүргізіліп, кенеттен туындаған өрттің таралуын болдырмау үшін арнайы техникамен ұзындығы 3 км астам минералдандырылған жолақтар төселген.
Өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын ашық отты пайдаланудан, от жағудан, темекі шегуден және құрғақ шөп пен орылған шөпті өртеуден бас тартуды сұраймыз! Кінәлі адамдар әкімшілік, ал ауыр зардаптар туындаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады,-делінген хабарламада.