Алматыда Солтүстік және Орталық Азияның Жетінші көпжақты форумы өтті

Алматыда Орнықты даму саласындағы мақсаттарды іске асыру бойынша Солтүстік және Орталық Азияның Жетінші көпжақты форумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға Қырғыз Республикасының экономика және коммерция министрі Данияр Амангелдиев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов, БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Форумға қатысушылар орнықты даму, аштыққа қарсы күрес, климаттың өзгеруі және т.б. мәселелерді талқылады.

А.Әбдікәрімов ОДМ-ға қол жеткізу Қазақстанның маңызды басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. Осы мақсаттарды іске асыру үшін бірлескен іс-қимылдар қажет. ОДМ жөніндегі Форум өңірдегі маңызды мәселелерді талқылауға арналған халықаралық алаңға айналып, Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдарының, азаматтық қоғамның, талдау орталықтарының, ғылыми топтардың өкілдерін және сарапшыларды біріктірді.

Форумның қорытындылары мен ұсынымдары өңірлік және жаһандық процестерде, оның ішінде 2024 жылы өтетін 11-ші Азия-Тынық мұхиты форумында және БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форумы шеңберінде пайдаланылатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлттық экономика министрлігі
Өзгелердің жаңалығы