Алматыда соғысқа қатысушылар аллеясы ашылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тұңғыш Президенті саябағында Екінші дүниежүзілік соғысына қатысушыларға арналған мемориал тақта мен аллея ашылды.  

Аллея қазақ жауынгерлерінің соғыстағы ерлігін ұмытпауға және оны мәңгі сақтау үшін ашылып отыр. 





Ұйымдастырушылардың айтуынша, елімізде бұған дейін соғыс батырларына, хаһармандарына арналған аллея, саябақтар, даңқ алаңдары ашылған. 





Алайда барлық соғысқа қатысушыларға арналған аллея жоқ. Сондықтан Жеңістің 75 жылдығына орай осы аллея барлық соғысқа қатысушыларға арналып отыр.




«Генералдар кеңесі» РҚБ төралқасының төрағасы, генерал-майор Махмуд Төлегусов пандемияға байланысты аллеяны 9 мамырда аша алмағандарын айтады.


Қалада соғыстың 75 жылдығына арналған «Біздің есімізде, біз ұмытқан жоқпыз» шарасы жалғасып жатыр. Қаладағы Әскери техника мектебінің тәрбиеленушілері наурыз айында бұл жерде 200 түп ағаш отырғызды. Мұндай аллея ашу бастамасын соғыс ардагері, генерал-майор Алмазбек Әбдірахманов көтерді. Қазір елімізде мыңға жуық соғыс ардагері қалды, соларға қаһарман атағын берген жөн, - дейді ол.


Патриоттық акцияға Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, генералдар мен әскери қызмет ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты.


Аталған шараны ұйымдастырушылар: «Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «ҰОС ардагерлер кеңесі» ҚҚ, Нұрсұлтан Назарбаев қоры, «Күзет» мамандандырылған күзет бөлімшесі» АҚ.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы