Алматыда соғыс ардагерлерінің ең үлкені 103 жаста

Алматы қаласында 21 Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері және 6 149 тыл еңбеккері бар, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Осы ретте Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жолаған сауалына мынандай жауап алды.

Соғыс ардагерлерінің ішіндегі ең үлкені – 1922 жылы туған 103 жастағы азамат. Сонымен қатар, 100 жасқа толған үш ардагер және ең жасы – 98 жастағы 1927 жылы туған азамат бар. 2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсету және оның мөлшерін белгілеу ережелері бекітілді. Бұл шешім Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №73 қаулысына сәйкес қабылданған. Қазақстан Республикасының “Ардагерлер туралы”Заңына сәйкес, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Жеңіс күніне орай 5 миллион теңгеден төленді,- деді Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Өзгелердің жаңалығы