Алматыда соғыс ардагері 100 жасқа толды

Алматыда 25 қазан күні соғыс ардагері Қамбар Сәрсеновты ғасырлық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы гарнизонының баспасөз қызметі хабарлағандай, ардагерді Медеу ауданының қорғаныс істері басқармасының әскери қызметшілері; Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының басшылығы және ҚР Қарулы күштері Ардагерлер кеңесінің өкілдері құттықтады.

Қамбар Сәрсеновтың өмір жолы-батылдықтың, борышқа және Отанға адалдықтың жарқын үлгісі",-деп атап өтті Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының бастығы, генерал-майор Нұртас Қабақов.

Құрмет белгісі ретінде институт курсанттары ардагердің алдында салтанатты шерумен өтті.

Мерейтой иегері құттықтау сөздерін ризашылықпен қабылдап, батасын беріп, Қазақстан тұрғындарына бейбітшілік пен амандық тіледі.

Ардагер соғыс кезіндегі қиын-қыстау сәттерді есіне алып, жас ұрпаққа әңгімелеп берді. Оның айтуынша, ол Беларуссияда, Латвияда, Литвада соғысып, Кенигсбергті алуға қатысқан.

Әскери қызмет жылдары үш рет жараланған және келесі марапаттарға ие болған:

  • І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен;
  • II және III дәрежелі Даңқ ордендерімен;
  • Қызыл Жұлдыз орденімен;
  • өзге де көптеген медальдармен.

Соғыстан кейін Қамбар Сәрсенов ІІМ органдарында қызмет етіп, кейін біраз жылдар бойы Алматының энергетикалық жүйесінде жұмыс істеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы