Алматыда Словакияның Құрметті Консулдығы ашылды
Алматы қаласында Словакия Республикасының Құрметті Консулдығы ашылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ. KZ. тішісі.
Бұл орталық Алматы қаласы мен Алматы обылысын қамтиды. Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Словакияның Парламентінің спикері - Борис Коллар бастаған Словакия делегациясы, іскерлік топтар, журналистер мен дипломаттар қатысты.
Бүгін Алматыда Словакияның Құрметті Консулдығы ашылып жатыр. Бұған дейін Қарағанды және Өскемен қалаларында ашылған болатын. Осы ашылу салтанатына бүкіл Словак елінің Үкіметі келді десек болады, Словакия Республикасы Парламентінің спикері - Борис Коллар, Парламент депутаттары бар. Бұл кісілерге арнайы келгендеріне алғыс айтамын, - деді Словакия Республикасының Алматы қаласындағы консулдығының Құрметті Консулы Гүлмира Толғанбаева.
Ол сондай-ақ Алматыда Словакияның Құрметті Консулдығы ашылуы екі ел арасын жақындастыра түсетіндігіне сенімді.
Бүгінгі оқиға қазақстандық кәсіпкерлерге, Словакия тарапының бизнесмендеріне үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар Словакияның Қазақстанға үлкен көмек көрсетіп отырғанын айтып өтейін. Өткен жылы және биыл Словак елі Қазақстанға ковидке қарсы профилатикалық жұмыстар үшін 10 млн. евро бөлді және Pfizer вакцинасымен қамтамасыз етті, - деді Құрметті Консул.