Алматыда сирена қосылады - ТЖД

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қалада құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығы тексерілетінін мәлімдеді.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2021 жылғы 25 ақпанда 12 сағат 55 минутта тұрғындарды құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексермек.

Тексеру электр дабылдарын қосу арқылы «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналын беріп, теле және радио тарату арналарын автоматты түрде қамтумен бір уақытта халықты құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіліп жатқандығы туралы хабар беру қарастырылуда, - делінген хабарламада.

Осыған байланысты департамент қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға шақырады.

Алматы қаласының ТЖД төтенше жағдай туындаған жағдайда электр сиренаны қосу кезіндегі келесі ережелерін еске салады.

Егер дабыл дыбысы үйде естілсе:

- радио, радио және теледидар қабылдағыштарын қосыңыз;
- шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Егер дабыл дыбысы көшеде естілсе:

- көшедегі дауыс зорайтқыштар мен жылжымалы хабарлау құралдары арқылы берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы