Алматыда синтетикалық есірткі сатушы ұсталды

Алматыда ірі синтетикалық есірткімен 33 жастағы адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі таратқан мәліметтер бойынша есірткіні дайындаушы 33 жастағы С. есімді азамат болып шықты. Тәртіп сақшылары оның «Мерседес» маркілі көлігін Достық даңғылы мен Омарова көшесінің қиылысында тоқтатты. Оның өзін және көлігін тінту кезінде көлігінен изолентаға оралған 85 бума табылды. Ұсталған азамат табылған заттарды Алматы қаласы мен Алматы облысына саудалау үшін сақтап қойған, «мефедрон» және «марихуана» есірткісі екенін айтты.

Тергеу барысында мәлім болғанындай, күдікті синтетикалық шөпті өзі жасаған. Осы мақсатта ол Алматы облысы Тұздыбастау ауылында жер үйді жалға алған. Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы