Алматыда шетелдіктер заңсыз жұмыс істеген

Бостандық ауданында көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, курьерлік қызмет көрсеткен жеті шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы ПД Көші-қон қызметі Басқармасының басшысы мәлімдеді. 

Алматы қаласы Бостандық ауданында көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, елімізде жүрген жеті шетелдік ұсталды. Оның үстіне олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан, олар қабылдап-таратуға орналастырылды. Одан әрі сот шешімімен құқықбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, туған еліне қайтарылады. Бұған дейін де бірнеше рет айтқанымыздай, Алматы Қазақстанның ірі шаһары, қаржы және мәдени орталығы ретінде шетел азаматтарын да тартады. Дегенмен, біздің елге келу және мұнда болу заңды талаптарды қатаң сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Заңдарын құрметтеу шартымен заңды түрде таныс болуы тиіс екенін атап өткім келеді, - деді, Алматы қаласы ПД Көші-қон қызметі Басқармасының басшысы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласы ПД Көші-қон қызметі
Өзгелердің жаңалығы