Алматыда шахматтан Қазақстан біріншілігі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5-18 қаңтар аралығында Алматы қаласында классикалық шахматтан жасөспірмедер арасындағы Қазақстан біріншілігі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Спортшылар швейцариялық система бойынша рапид және блиц бәсекесінде 9 тур бойы өзара мықтыны анықтайтын болады. 

Жас ерекшеліктері бойынша жеңіске жеткен барлық спортшылар әлем чемпионатында ел намысын қорғаса, күміс жүлдегерлер Азия біріншілігінде бақтарын сынайды. 

Жарыстың жалпы жүлде қоры екі миллион теңгені құрап отыр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы