Алматыда шағын кәсіпорындар саны екі есеге артты

Биыл Алматыда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпорындар саны 315,2 мыңды құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 44,7%-ға артық.

2023 жылдың бірінші тоқсанына Алматыда республика бойынша тіркелген 2,1 млн-нан 368,6 мың ШОБ субъектісі тіркелген.

Бұл ретте оның 315,2 мыңы — жұмыс істеп тұрған компаниялар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 44,7% — ға артық, - деп хабарлады агенттік Ұлттық статистика бюросының деректері негізінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы