Алматыда сейсмикалық оқу-жаттығу өтті

Алматыда 23 ақпан күні сағат 10.00-де биылғы жылдың бірінші жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жаттығу барысында мамандар тұрғындарға эвакуациялау жолдарын, қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтап, апаттық шабадан дайындаудың маңыздылығын түсіндірді. 

Сиреналық қондырғылар іске қосылғанда, тұрғындарға сыртқа эвакуациялауға белгі берілді. Сондай-ақ, апат кезінде ең қауіпсіз орын электр желілерінен, ағаштардан және ғимараттардан алыс орналасқан ашық алаң екені тағы да ескертілді. Сейсможаттығудың мақсаты-қауіпсіздік мәдениетін жоғарылату және оған дайын болу. Сейсмикалық институт мәліметі бойынша, осы жылдың аяғына дейін жоғары балл жер сілкіністері болмайды, – дейді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі. 

Сейсмо жаттығуға тек мектеп оқушылары мен студенттер ғана емес, қала бойынша 200 мыңнан аса адам жұмылдырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы