Алматыда «Сергектің» саны артады

 Алматыда қосымша 3 мыңға жуық «Сергек» бақылау камералары орнатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Сергек» қойылғалы бері Алматыда апатты жағдайлар кәдімгідей азайған. Қазір қалада 5 мыңға жуық бейнебақылау камералары жұмыс  істеп тұр. 

Өткен жылдың қортындысы бойынша 1 миллионнан астам заң бұзушылық тіркелген, айыппұл сомасы 8 миллиард теңгеге жеткен. Айта кеткен жөн, «Сергек» жүйесіндегі деректер 30 күнге дейін сақталады. Бейнебақылау камералары Қазақстанның жеті қаласында жұмыс істейді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы