Алматыда "Сен жалғыз емессің!" шарасы өтті
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Сен жалғыз емессің!" мерекелік акция өтті.
1 маусым – Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған "Сен жалғыз емессің!" игі шарасын "ITeachMe" компетенцияларды дамыту орталығы", Орталық Азияның Еуразия қоры мен "Шеврон" компаниясының демеушілігімен "Qolda" жедел жәрдем бағдарламаласының аясында ұйымдастырды. Сонымен қатар шараның өтуіне Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Мақсат Кикимов қолау көрсетті.
Акция күн сайын көптеген сынақтан өтіп, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды қолдауға бағытталған.11 жастағы Шухрат Юсуповтың анасы Әльмира Юсупова мұндай шаралардың мүгедек балалар үшін пайдасы зор екенін айтады.
Сіздің үйіңізге соңғы рет ертегі кейіпкері қашан келіп еді? Жаңа жылда келген шығар. Бұл дәстүрді өзгерту біздің қолымызда. Сондықтан, біз ертегілердің жарқын және сиқырлы кейіпкерлерімен, сыйлықтар, шарлар алып, және көтеріңкі көңіл-күймен ерекше экипажды дайындадық. Біз мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 30 отбасына барып, өзіміздің белсенді және позитивті энергиямызбен бөлістік. Біздің басты ойымыз – әр бала сиқырға сену керек, - дейді "ITeachMe" компетенцияларды дамыту орталығының президенті Захира Бегалиева.
Біз бәріміз қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатырмыз, және әр адам үшін оқшаулану кезеңі күш пен шыдамдылықтың қиын сынағына айналды. Бірақ көптеген мүгедек адамдар үшін «өзін-өзі оқшаулау кезеңі» өмір бойы өтеді. Шынында, мүгедектігі бар баланың қоғамның тең құқықты мүшесі болуы көбінесе қиынға соғады. Тұрғын үйлердің кіреберістері, баспалдақтар, сатылар мен шекаралар кедергі болып тұр. Бірақ балалар, сынақтарға қарамастан, өздерінің таза жандарына, ертегілерге, ғажайыптарға және жақсы адамдарға сенеді, – дейді Ә. Юсупова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҰБТ тапсыру кезіндегі басты міндет - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Мамин
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы