1 Шілде 2025 2025, 17:48 Фото: - архив

Алматыда сел жүру қаупі жоғары аймақтар аталды

Алматыда сел жүру қаупі жоғары 28 учаске анықталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматыда сел жүру қаупі жоғары 28 учаске анықталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгінге дейін олардың 14-інде нығайту жұмыстары жүргізілген, қалған аумақтарда жер телімдерін сатып алу және беткейлерді бекіту жұмыстары жалғасып жатыр.

2025 жылға жедел шаралар жоспарына енгізілген басты қауіпті аумақтар:

• “Медеу” мұз айдыны маңындағы беткей,
• Шымбұлақ пен Кеңсай-2 бағытындағы жол (Медеу ауданы),
• Алма-Арасан бағытындағы жол (Бостандық ауданы),
• Усикова көшесі мен “Ақжартау” бағбандық қоғамы (Наурызбай ауданы),
• Кемел ықшам ауданындағы зират жанындағы өзен арнасы,
• Қожамьяров көшесі (Жетісу ауданы).

Аталған аудандарда:

• тіреу қабырғалары салынады,
• болат арқанды тор жүйелері орнатылады,
• су бұру арналары мен
• өзен жағалауларын бекіту жұмыстары жүргізіледі.