Бүгiн 2026, 08:36 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматыда сел қаупі бақылауда, өзендердегі су деңгейі тұрақты – ТЖМ

Бүгін мамандар мореналық көлдер мен өзен бассейндеріне аэровизуалды тексеру жүргізуді жоспарлап отыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері Алматы қаласы мен оған іргелес сел қаупі бар аумақтарда тәулік бойы мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта гидрологиялық жағдай тұрақты, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі тіркелген жоқ.

Алдын алу шаралары аясында ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдар Ақсай өзенінің қорғаныс бөгеті маңындағы арнаны нығайту және тазарту жұмыстарын толық аяқтады. Соның нәтижесінде өзендегі су деңгейі айтарлықтай төмендеген.

Бүгін мамандар мореналық көлдер мен өзен бассейндеріне аэровизуалды тексеру жүргізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде үздіксіз бақылау жалғасуда.

Жағдайды бақылауға Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Құтқару қызметі, «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы, «Қазселденқорғау» мекемесі және Полиция департаментінің 130-дан астам қызметкері мен 20 бірлік техникасы жұмылдырылған.

Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайдың тұрақты бақылауда екенін және қажетті күштер мен құралдардың кез келген жағдайға дайын екенін мәлімдеді.