Алматыда саябақта тұрған автокөліктен ер адамның мәйіті табылды

Алматыдағы Түрксіб ауданында саябақ тоғайында тұрған автокөліктен ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат желіде тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Полиция осыған қатысты ресми жауап берді.

Қайтыс болған адамның тұлғасы анықталды. Қолдан жасалған өлім белгілері табылған жоқ. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды, – деп хабарлады қалалық полиция.

Айта кетейік, материалдар Түрксіб аудандық полиция басқармасының қарауында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы