Алматыда карантин кезінде жұмыс істеп келген элиталық сауна анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Элиталық сауна және қымбат бильярд клубы Алматыда карантин кезінде жұмыс істеген. Бұл туралы алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше түнде жедел уәкілдер элиталық сауна мен карантин кезінде жұмыс істеген қымбат бильярд клубын анықтады. 
Бостандық ауданында элиталық сауна жұмыс істеді. Санитарлық нормалар мен талаптарға қарамастан, кешен өз жұмысын жалғастырды және келушілерді таңертеңге дейін қабылдады. Тексеру кезінде мекемеде 12 адам болды, олардың 9-ы жеңіл жүрісті қыздар болды. Айтпақшы, моншаға барлығы кіре бермейді, ішкі қауіпсіздік қызметі кірудің қатаң жүйесін жүргізді. Бір уақытта дерлік басқа мобильді топ бильярд клубын анықтады. Мұнда 13 адамнан тұратын топ туған күнді атап өтті, – дейді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков. 
 
Келушілер, монша кешені мен бильярд клубының қызметкерлері ҚР ӘҚбК-нің 425 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бейнеде көрсетілген мекемелердің иелеріне қатысты 638 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы