Алматыда сауда желілері қанша шығынға батты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда желілері одағы Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезіндегі ретейлердің шығындарына қатысты алдын ала мәліметтерді ұсынды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Ретейлердің нақты шығыны қанша екендін нақтылау әзірше қиын. Есептеу, нақтылау қажет», - деді одақ мүшесі Дмитрий Шишкин.
Оның дерегінше, сауда желілерінің шығындарына қатысты алдын ала мәліметтер мынадай:
Magnum, Magnum Cash&Carry ЖШС – жалпы 23 дүкен бүлінді. Оның ішінде 12 дүкен тоналып, 13-і зақымданды. Алдына ала жалпы шығын шамамен 8,5 млрд теңгені (ҚҚС-ты қосқанда 10 млрд теңге) құрайды.
Технодом, Technodom Operator ЖШС – Алматы мен Талдықорғанда 14 дүкен зардап шекті. Шығын – 5,5 млрд теңге.
Sulpak, Arena S ЖШС - Алматыда 11 дүкен тоналды. Шығын - 5,14 млрд теңге
Gulser Computers, Alser ЖШС –Алматыдағы 7 дүкен 1 млрд теңге зардап шекті.
«Спортмастер Қазақстан» ЖШС, «Остин» ЖШС – Орал, Алматы және Шымкетте 20-25 дүкен бүлінді. Келтірілген шығын 3 млрд теңгеге бағаланып отыр.
Mon Amie – Алматыда 8 дүкеніне шабуыл жасалды. Шығын есептеліп жатыр.
Интертоп, Эврика - шығын 50 млн теңге шамасында.
Алсер - шығын 1,5 млрд теңге.
ТОО K&K GmbH, Kimex/Gracie - Алматыда 11 дүкені бүлінді, шығын - 1 млрд теңге.