Алматыда сауда орталығынан өрт шықты

Алматы қаласының Әуезов ауданында орналасқан екі қабатты сауда орталығының екінші қабаты өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама түскен сәттен бастап құтқарушылар жедел жетіп, оқиға орнына шұғыл әрекет етті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенде ғимараттың терезелерінен қап-қара қою түтін шығып жатқаны байқалған.

Өрттің көршілес бутиктерге таралуына жол берілмеді. Жалынмен күреске ТЖМ-нің 57 қызметкері мен 15 техника бірлігі жұмылдырылды.

Қазіргі таңда өрт толығымен сөндірілгені хабарланды. Зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы