Алматыда Сәтбаев көшесі ішінара жабылады
Алматыда Бостандық ауданында жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Сәтбаев көшесі ішінара жабылады. Бұл туралы 12 шілдеде "Алматы жылу желілері" ЖШС ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мамандардың мәліметінше, 13 шілде сағат 22:00-ден 14 шілде сағат 16:00-ге дейін Сәтбаев көшесінің бойымен Сейфуллин даңғылынан Масаншы көшесіне дейін екі бағытта да көлік қозғалысына тыйым салынады. Масаншы көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін шығыс бағытта да көлік қозғалысы шектеледі.
Масаншы көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейінгі аумақта, яғни батыс бағытта жол ашық болады.
Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы