Алматыда сарбаздарға ЖОО-на тегін оқуға сертификаттар табысталды

Сертификат «Срочники 2.0» электрондық платформасы арқылы онлайн режимде бөлінген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты күзет ротасының мерзімді қызметтегі алты сарбазы запасқа шығар алдында жоғары оқу орындарында тегін оқуға сертификаттар алды.

Қолданыстағы регламентке сәйкес взвод командирлері жауынгерлік дайындық журналдарын жүргізіп, онда әскери қызметшінің барлық оқу пәндерінен алған бағалары мен қызметтің басқа да көрсеткіштері ескеріледі. Соның негізінде ай сайын рейтинг шығарылып отырады, – деді әскери институттың бастығы генерал-майор Қайрат Даутов.

«Срочники 2.0» цифрлық платформасында Қарулы күштердің, Ұлттық ұланның, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметі мен ҰҚК Шекара қызметінің жүзден астам әскери бөлімі тіркелген.

Қорғаныс министрлігінің осы бағдарламасының арқасында өзім көптен армандап жүрген жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік алдым. Азамат болып қалыптасуыма көмектескен командирлеріме алғысым шексіз, – дейді Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетіне оқуға түскен грант иегері қатардағы жауынгер Игорь Жалыбин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты
Өзгелердің жаңалығы