Алматыда самокатшылардың қатысуымен 29 жол апаты болған

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жыл басынан бері мопед пен самокатшылардың қатысуымен 29 ЖКО болды. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

ПД мәліметтері бойынша, арнайы талдау негізінде қалада жол-көлік оқиғалары жиі болатын ең қауіпті 33 аймақ анықталған.

«Vision Zero» бағдарламасы аясында апаттық оқиғаларды азайту үшін қалалық Мобильділік басқармасымен бірге бұл қауіпті аймақтар жаңартылады. Мысалы, сіз байқағаныңыздай, кейбір аймақтар мен қиылыстарда ерекше қызыл, сары, тіпті вафли таңбалары қолданылады. Бұл жүргізушілердің назарын арттыру үшін жасалды, – дейді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар ол соңғы жылдары қала жолдарында «баламалы көлік» деп аталатын мопедтер мен самокаттардың көбейіп кеткендігін атап өтті.

Біздің бақылауымыз бойынша, қалада 2-ден 2,5 мыңға дейін электрсамокатшылар мен мопедистер жүреді. Олардың көпшілігі - жеткізу курьерлері. Жыл басынан бері «баламалы көліктің» қатысуымен 29 жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қайтыс болды, тағы 29-ы түрлі дене жарақаттарын алды. Осы бағытта біз әкімдікпен бірге курьерлік компаниялардың басшыларымен кездесу өткіздік, нәтижесінде Жол ережелерін сақтау, сондай-ақ жеткізушілер мен олардың көлік құралдарының есебін жүргізу бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді, – деді Таймерденов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы