Алматыда самокат теуіп жүрген баланы машина қағып кетті

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Орбита-3 ықшамауданында аула ішінде самокат теуіп жүрген баланы көлік қағып мерт қылды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Қайғылы жағдай 28 сәуір күні болған.

Қазір жағдайдың қалай болғаны анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, Subaru көлігі №4 үйдің жанында тар жолмен жүріп келіп солға қарай бұрылған, осы сәтте самокат теуіп жүрген баланы қағып кеткен.

Бала алған жарақатынан сол жерде тілтартпай кеткен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы