Бүгiн 2026, 17:16 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Алматыда сәлемдемеден марихуана алған жасөспірім ұсталды

Алматыда марихуана салынған сәлемдемені алған жасөспірім полиция қызметкерлерінің қолына түсті.

Алматыда полиция қызметкерлері пошта арқылы келген сәлемдемені алғаннан кейін кәмелетке толмаған жасөспірімді ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, сәлемдеменің ішінде марихуана болған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, арнайы операцияны Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген. Жасөспірім пошта бөлімшесінен сәлемдемені алған бойда қолға түскен.

Тергеу нұсқасына сәйкес, кәмелетке толмаған бала сәлемдемені танысының өтініші бойынша алған. Алдын ала анықталғандай, жеткізуді рәсімдеу кезінде жасөспірімнің фотосуреті заңсыз түрде электрондық құжат жасау үшін пайдаланылып, соның негізінде ол алушы ретінде көрсетілген.

Қазір полицейлер есірткі затының жеткізілу арнасын, сондай-ақ тыйым салынған сәлемдемені жөнелту мен алуды ұйымдастыруға қатысы бар барлық адамдарды анықтап жатыр.

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.