Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовке ескерткіш қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрі Алматы гарнизонына жұмыс сапары барысында Құрлық әскерлерінің Әскери институтына барып қайтты.

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев оқу орнының басшылығымен кеңес өткізді. Онда оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.


Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қорғаныс ведомствосының басшысы жауынгерлік қамтамасыз ету кафедрасымен танысты. Оның заманауи оқу-материалдық базасы, жабдықтары мен техникалық құралдары болашақ офицерлерді даярлаудың қажетті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Қорғаныс министрі әскери институт басшылығына инженерлік даярлық, сондай-ақ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау объектілерін ерекше назарға алуды айтты. Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев пандемия кезінде және төтенше жағдайлардың салдарын жою барысында бұлардың Қарулы Күштер қызметінің «қос мақсатты» құрамдас бөлігі ретінде қажеттілігін көрсеткенін және осы бағыттардың маңыздылығын атап өтті.

Қорғаныс министрі 2020 жылдан бастап әскери институтқа есімі берілген армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов пен 1973 жылдан 1997 жылға дейін оқу орны аталып келген Кеңес Одағының маршалы Иван Коневке арналған тарихи ескерткішті ашты, - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек Қорғаныс министрі Алматы гарнизонында әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жөніндегі қызмет өкілдерімен кездесіп, олардың көмек көрсетудегі және әлеуметтік мәселелерді шешудегі жұмыстарымен танысты.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы