Алматыда сәби cатқан саудагерлер ұсталды
Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
Тәртіп сақшыларының дерегінше, заңға қарсы әрекет еткендер шақалақтарды баласы жоқ отбасыларға сатпақ болған. Олар кәмелетке толмағандарды саудалағаны үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Бүгінде күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы өздерінің балаларынан бас тартқысы келетін жүкті әйелдерді және балалары жоқ отбасылық жұптарды іздестірумен, сондай-ақ балалардың туу туралы жалған куәліктерін дайындаумен айналысқаны анықталды. Аталған факті бойынша «Кәмелетке толмағандарды сату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды,-дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Демография немесе жаңа оқу жылында ескі мәселе жалғаса бере ме?
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы