Алматыда Рүстем Қайдаровтың құрметіне ескерткіш тақта ашылды

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда ІІМ-нің құрметті ардагері, Қазақстан Республикасы «Генералдар Кеңесі» РҚБ Президиумының төрағасы Рүстем Қайдаровтың құрметіне мемориалды тақтаның ашылу рәсімі өтті.

Мемориалдың ашылу салтанатына Алматы әкімі аппаратының басшысы Талғат Сәрсенбаев, Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов, Рүстем Қайдаровтың туыстары және құқық қорғау органдарының еңбек сіңірген қызметкерлері қатысты.

Рүстем Есімханұлы Қайдаров - көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО ІІМ- нің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Құрметті ардагері. 


Мемориалды тақта Рүстем Қайдаров тұрған Мәуленов көшесі,120 үйге орнатылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы