Алматыда ретро әндердің фестивалі өтті
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда қала күні аясында «Алматы - менің алғашқы махаббатым» атты музыкалық ретро-фестивалі өтті.
Орталық демалыс саябағындағы «Шабыт» амфитеатрында болған халықаралық музыкалық ретро-фестиваль биыл 18-ші рет өтті. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, 18 жылдың ішінде фестиваль нағыз бренд пен символға айналды.Сахнада қазақстандық эстрада әншілері мен Лайма Вайкуле, Валерий Сюткин, Наташа Королева және Игорь Николаев сынды танымал ресейлік қонақтар өнер көрсетті.
«Шабыт» жазғы театрында өткен концертте 70, 80 және 90 жылдардың танымал композициялары мен бір кездері ата-әжелеріміздің сүйікті әндері болып, бүгінде ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған өткен жылдардың хиттері шырқалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырау облысында жаңа спорт кешені ашылды
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы