Алматыда республикалық маңызы бар автожол жабылады

Құлжа трактісінің учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды BAQ.KZ “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ-ға сілтеме жасап.

15 қыркүйекте сағат 20:00-ден бастап 16 қыркүйек сағат 07:00-ге дейін “Алматы - Көктал - Шонжы - Қорғас” республикалық маңызы бар автожолының орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Құлжа трактісінің 14-16,5 шақырым аралығындағы учаскесінде шектеу қойылады. Бұл учаскеде қозғалыс 11 сағат ішінде реверсивті түрде ұйымдастырылады. Жұмыстар жолдың шығыс жағында жүргізіліп, жол бір жолақты қозғалыспен қамтамасыз етіледі, - делінген компанияның хабарламасында.

Аталған жерде арнайы ескерту белгілері мен мердігер мекеменің байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық стенд орнатылады.

Алдағы уақытта жөндеу жұмыстарына байланысты Құлжа трактісінің бойындағы елді мекендерде қозғалысқа уақытша шектеулер қойылуы мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ
Өзгелердің жаңалығы