Алматыда Республика күнінің құрметіне арналған автошеру өтті

Almaty Arena мұз сарайынан Halyk Arena мұз сарайына дейін қала көшелерімен мемлекеттік ту ілген автокөлік әуесқойлары клубының атынан 50-ден астам көлік жүріп өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Автокөлік легін қаланың жол-патрульдік полиция қызметкерлері алып жүрді. 

Halyk Arena автотұрақ аймағында автофлешмоб ұйымдастырылды. ҚазКСР мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданған күні 25 қазанды білдіретін "25" саны көліктерге жапсырылды.

Сондай-ақ кеше Алматыда Республика күнінің құрметіне арналған мерекелік концерт өтті. Концертке шығармашылық зиялы қауым, көрнекті саяси мемлекет және қоғам қайраткерлері, әскери қызметшілер мен студенттер шақырылды.  Кеште қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Қалаға, елге арналған патриоттық әндер, фольклорлық музыка және халықтың ыстық ықыласына бөленген қазақстандық әндер шырқалды

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы