Алматыда Республика күніне арналған спорт фестивалі өтті

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Almaty Sport Fest фестивалі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас аренада Baluan Sholak Arena, Olympic Arena және ABAI Arena сынды үш кешендегі спорт секциялардың көрсетілімі өтті. 

Елімізге танымал спортшылар мен жаттықтырушылар фестиваль қонақтарына шеберлік сыныптарын өткізді. 

Спорт кешендерінде түрлі бағыттағы 20 секция жұмыс істейді. Оларда спортпен шұғылданып, жаттығулар өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Фестиваль мақсатының бірі-спортты дамыту және жеке қабілеті мен қызығушылығына қарамастан спортпен айналысқысы келетін адамдардың санын көбейту.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы