Алматыда Respublica партиясы аймақтық кеңсесінің ашылуы өтті

 4 ақпанда Respublica партиясының Алматыдағы аймақтық филиалының ресми ашылуы өтті.  Қонақтар филиал басшылығымен және қызметкерлерімен жақынырақ танысып, сұрақтар қойып, Respublica партиясына ықыластарын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Бүгін көптен күткен оқиға болды – біз өз жақтастарымызға ресми түрде  есігімізді аштық.  Осы уақыт бойы біз кеңсе іздедік, оны безендірдік, әрбір ұсақ-түйекке дейін ойластырдық. Жасалған жұмыстарға, халықтың ықыласына қарап, күш-жігеріміздің бекер кетпегеніне көз жеткіздік, – дейді қалалық филиал басшысы.

Партия туралы 

Respublica – мемлекет қызметінің түрлі салаларын қалпына келтіруге ұмтылатын белсенді азаматтарды біріктіретін жаңа партия. Оған қазақстандық кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері тартылған. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, «Олжа Агро» серіктестігінің басшысы Айдарбек Ходжаназаров партия төрағасы болды. Теңтөрағалар қатарында кәсіпкерлер – Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шүкіжанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаевтар бар.

Respublica партиясының ұраны – «Жаңа адамдар – Жаңа қадамдар».

Партияның құрылғаны туралы 2022 жылдың тамызында жарияланды. 2023 жылдың 18 қаңтарында Respublica партиясы тіркеу құжаттарын қабылдады.

Сайлау-2023 

Мәжіліс пен мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауы жаңа ереже бойынша өтеді. Инновациялар биліктің өкілетті тармағын неғұрлым бәсекеге қабілетті және әділ қалыптастыруға бағытталған, кеңірек көзқарастар палитрасын қамтамасыз етеді, сонымен қатар саяси жаңғырту аясындағы реформалардың жалғасы болып табылады.

Басты жаңалық – аралас пропорционалды-мажоритарлық сайлау жүйесіне көшу. Сонымен қатар, енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім бойынша, 30 пайызы бір мандатты округтер бойынша сайланады. Аралас сайлау жүйесі бойынша 50-де 50 қатынасы негізінде облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына да сайлау өтеді. Ал аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына сайлауда азаматтар бір мандатты округтердегі кандидаттарға ғана дауыс береді.

Сондай-ақ, партиялардың Мәжіліске өту шегі 5 пайызға дейін төмендетіліп, оларды тіркеу тәртібі жеңілдетілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Respublica партиясы
Өзгелердің жаңалығы