Алматыда Ресей қалаларымен өңіраралық ынтымақтастық перспективалары талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы РФ Бас консулы Евгений Бобровпен кездесті. Бұл туралы Алматы қаласының ресми сайтында жарияланды.
Кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев президент Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларға сәйкес мегаполисті дамытудың басты бағыттары туралы айтты және таяу арада тұрғындардың пікірін ескере отырып, қаланы дамытудың жаңа стратегиясы жасалатынын атап өтті. Құжаттың басты принципі – шетсіз қала, орталықтандыру, мегаполистің барлық аудандарында өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру.
Алматы әкімі қала үшін ресейлік әріптестердің қала кеңістігін жоспарлау мен Мәскеу, Санкт-Петербург, басқа да ірі мәдени-тарихи орталықтардың урбанистикасы бойынша тәжірибелерінің өте құнды екенін атап өтті.
Тараптар экономикалық ынтымақтастықты дамыту переспективаларын талқылады. Алматыда ресейлік капиталмен сауда, қаржы, медицина, өнеркәсіп салаларында 2679 кәсіпорын жұмыс жасайды. Өткен жылы Алматы мен Ресей арасындағы тауар айналымы 6,8%-ды құрады.
Бақытжан Сағынтаев ШОБ дамыту үшін оң шаралардың жүзеге асқанын және әкімшілік кедергілердің азайғанын жеткізді. Қалада кәсіпкерлерге қолдау мен қызмет көрсететін «Qoldaў» орталығы және «Алматы» ӘҚК жанынан құрылған толық форматты «AlmatyInvest» инвестициялық блок жұмыс жасауда. Алматы Ресей бизнесімен тығыз байланыста жұмыс жасауға ынталы және өзара пайдалы жобаларды талқылауға дайын.
Кездесу барысында мәдени- гуманитарлық ынтымақтастықтың жоғары деңгейі атап өтілді.Белгілі болғандай, қазан айының алғашқы онкүндігінде Алматыда Мәскеу күндерін, ал 4-6 қарашада Санкт- Петербургтың гуманитарлық іс-қимыл миссиясын өткізу туралы келісім жасалған болатын.
«Бұл шаралардың өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін беретініне сенімдімін. Біз оларды ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», - деп атап өтті қала әкімі.