Алматыда «Ready4Trade Орталық Азия» жобасы таныстырылды

Алматыда Халықаралық сауда орталығы, БҰҰ мен ДСҰ бірлескен агенттігінің «Ready4Trade Орталық Азия» жобасының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жоба арқылы Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан қолөнершілері жасаған дүниелерін онлайн платформа арқылы әлемге таныстырып, сатуына мүмкіндік туындайды.

Орталық Азия елдері біріккенде күштірек болмақ. Меніңше, қолөнершілерге қолдау көрсету арқылы сол елдің ұлттық болмысын, наным-сенімін әлемге танытуға болады. Алдағы уақытта «Ready4Trade Орталық Азия» жобасы қолөнершілердің жұмысын әлемге танытып, шартарапқа атын шығаруға мүкіндік береді. Бүгінде NOCIA электрондық сауда платформасында қолөнершілердің бұйымдары 2,5 миллон долларға бағаланды, - дейді Еуропалық Одақтың елшісі Кестуис Янкаускас.

«Ready4Trade Орталық Азия» жобасы аясында ОА елдерінен 40 қолөнерші таңдалады. «Осылайша, сенімді серіктестік құралады» дейді мамандар.

Кәсіпорындардың әлемдік нарықта белсенді сауда жасауы және онлайн сауда алаңдарында бой көрсетуі қажет. Осылайша, тұтынушыларға жылдам әрі сапалы қызмет көрсетуге болады. Бүгінде қолдан жасалған бұйымдар халықтың қызығушылығын арттып отыр. 2022 жылы нарық 752,2 миллиард АҚШ доллары болды. Қолөнершілер басқа сатылымдарға қарағанда аз ғана пайда табады. Сол себептен бұл саладағы мамандардың жұмыстарына қолдау білдіруміз керек, – дейді ITS атқарушы директоры Памела Кок-Гамильтон.

Айта кеткен жөн, Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Ready4Trade Орталық Азия» жобасы Халықаралық сауда орталығы арқылы іске асырылып жатыр. Жоба аясында әлемдегі ірі компаниялармен серіктестік орнатылып, алдағы төрт жылда қарқынды жұмыс атқарылмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы