Алматыда рұқсат етілген митинг өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Митинг ҚР азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митинг және шерулер өткізуге қақылы деген тақырыпта өтуде.
Жиынға сайлау кезінде бақылаушы болғандар, желтоқсандықтар және басқа да қоғам белсенділері қатысып жатыр. Қатысушылар саны шамамен 200 адам.Алғаш болып Алматы қаласы мәслихатының депутаттары сөйледі. Оның ішінде Алматы ақшамы газетінің редактор, депутат Қали Сәрсенбай бар. Ол рұқсат етілген мұндай митингтің өткенін қолдайтынын айтты.
"Президент соңғы кезде митингілер өткізуге рұқсат беріп жатыр. Өрениетті жолмен митинг өткізу қажет. Билік халықтың талаптарын тыңдауда",-деді ол.
Одан кейін Ырысбек Сәрсенбайұлы мен Гүлжан Ерғалиева сынды қоғам белсенділері сөз алды.
Митингке келгендердің көпшілігінің қолында ҚР сот жүйесі мен полицияға реформа жасау қажет деген ұрандары бар.
Митинг өтіп жатқан маңды полиция қатаң бақылауға алған. Сондай-ақ, сол маңдағы Сарыарқа кинотеатры мен базар уақытша жабылған.
Еске салсақ, бұған дейін қоғам белсендісі Әлнұр Ильяшевтің 36 рет митинг өткізу туралы арыз жазып, 30 күні митинг өткізуге рұқсат алғанын жазған едік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өскеменде зейнеткер ұлдарынан алимент өндіріп алды
Өзгелердің жаңалығы