Алматыда қызылша жұқтырғандардың 60%-ы – балалар

Қызылшаға қарсы 160 мың адам екпе алды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді.

Қызылшаның 2990 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1816 жағдай (60,7%), 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында – 133 адам. Қызылша, қызамық, паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау шеңберінде барлығы 161 554 адам қамтылды, оның ішінде 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі 12 984 бала, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар – 79 661, – дейді Қасымхан Алпысбайұлы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы