12 Сәуір 2024 2024, 10:22 Фото: pixabay.com

Алматыда қызылша жұқтырғандардың 60%-ы балалар

Мегаполисте қызылшаға қарсы ҚЖИ шеңберінде 160 824 адам екпе алған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Мегаполисте қызылшаға қарсы ҚЖИ шеңберінде 160 824 адам екпе алған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді.

 Қалада қызылшаның 2789 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1682 жағдай (60,3%), 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында – 120(4,3%) және ересектер арасында – 987 (35,4%). Сондай-ақ, қызылша, қызамық, паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау шеңберінде барлығы 160 824 адам қамтылды,- дейді Қасымхан Алпысбайұлы.