24 Маусым 2025 2025, 11:50 Фото: actual.today

Алматыда қыз бала жетінші қабаттан секіріп кетті

Алматыда Молдағұлова көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан 29 жастағы қыз секіріп кетті, деп деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматыда Молдағұлова көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан 29 жастағы қыз секіріп кетті, деп деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Марқұмның денесі подъездің жанынан табылған.

Қайғылы оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті түсініктеме берді.

Алмалы аудандық Полиция басқармасы 29 жастағы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда, – деп хабарлады қалалық ПД.

Оқиға орнынан фото және видео әлеуметтік желілерде тарады.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда үш жасар бала 9-қабаттан құлап кетіп, қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.