Алматыда қылмыс әлемінің "серкесі" қолға түсті
Алматыда ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен аса ірі көлемде қорқытып, бопсалаушылық жасады деген күдікпен қылмыс әлемінің «серкесін» ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2026 жылғы 2 ақпанда Алматы қаласында ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен «Т» қылмыстық ортаның өкілін ұстады. Көрсетілген адам аса ірі көлемде қорқытып, бопсалаушылық жасады деп күдіктелуде. Ұсталған адам УҰИ-ға қамалды. Осы іс аясында қаңтарында Шымкент қаласында оның екі сыбайласының құқыққа қарсы әрекеті тоқтатылды, - деп хабарлады ҰҚК баспсөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеп-тергеу жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жұмысынан айырылған Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды
Өзгелердің жаңалығы