Алматыда қуыршақтар шеруі өтті

Алматыда Абай алаңы мен Тұңғыш президент саябағында қуыршақтар шеруі өтті. Ертегі кейіпкерлері Қала күнін мерекелеуге келген азаматтарды таңқалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әсіресе, балақайлар жарыса суретке түсіп, қуанышқа бөленді.

Мереке аясында Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының бойтұмары болып табылатын «Қуыршақ думан» атты ерекше концерттік қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Қойылымда Роза Бағланова, Майкл Джексон және Фаррух Закиров сынды танымал тұлғалардың бейнесіндегі қуыршақтардың өнер көрсетіп, халықты тамсандырды.

Сонымен қатар негізгі мерекелік орындарда қуыршақ жасау шеберлерінің қатысуымен «Өнер бесігі – Алматы» атты қуыршақ жасау және басқару бойынша танымдық шеберлік сағаттар өткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы мемлекеттік қуыршақ театры
Өзгелердің жаңалығы