Алматыда құтқарушылар Фурманов шыңынан екі қызды эвакуациялады
10 шілдеде күндіз құтқарушыларға Фурманов шыңына таңертең шығып, өздігінен түсе алмай қалған екі қыз туралы ақпарат түсті. Олармен байланыс болған жоқ, олардың геолокациясы анықталмады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.
Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы жіберілді.
Құтқарушылар Қимасар шатқалынан қыздардың болжамды орнына қарай жаяу көтеріле бастады.
Энтузиастов алаңқайында ауа райының нашарлауы – ауданда нөсер жаңбырдың салдарынан бағытты жалғастыра алмаған 2007 және 2006 жылы туған қыздар табылды.
Туристерге медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар қыздарды төменге түсірді.
ҚР ТЖМ құтқарушыларының жедел әрекеті мен үйлесімді жұмысының арқасында операция сәтті аяқталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Экономист болжамы: Теңге күшін сақтап қала ма?
Өзгелердің жаңалығы