Кеше 2026, 21:50
Фото: Скриншот
Алматыда құрылыс алаңындағы кран отқа оранды
Зардап шеккендер жоқ.
Алматы қаласының Медеу ауданындағы Тайманов көшесінде салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй аумағында мұнара кранының жебесінде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ күштері оқиға орнына жедел жетіп, шамамен 2 шаршы метр аумақтағы өртті қысқа уақытта сөндірді. Биіктіктегі жалынды ауыздықтау үшін арнайы автосаты мен лафеттік оқпан қолданылды.
Зардап шеккендер жоқ.