Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, жұмысшы қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам мерт болды.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 26 шілде күні кешкі сағат 17:42 шамасында болған.

Әуезов ауданындағы тұрғын үй құрылыс алаңында жұмысшының үстіне мұнаралы кран құлады, салдарынан оқиға орнында 1989 жылы туған Б. есімді азамат көз жұмды. Қазіргі уақытта тергеу тобы жұмысын бастады. Тиісті сараптамалар жүргізіледі. Оқиғаның мән -жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады полициядан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы