Алматыда құрылыс алаңдарынан көшеге топырақ таситын көліктер тексеріліп жатыр
Полиция құрылыс жұмыстары қала тазалығына жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді.
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында полиция құрылыс нысандарында күнделікті рейд жүргізіп жатыр. Негізгі назар құрылыс алаңдарынан шығып, қала көшелеріне лай мен топырақ таситын жүк көліктеріне аударылған.
Қолданыстағы талаптарға сәйкес, ауыр жүк көліктерінің дөңгелектері құрылыс аумағынан шығар алдында арнайы жуу орындарында тазартылуы тиіс. Алайда кейбір нысандарда бұл талап сақталмай отыр. Жолға төгілген лай мен құрылыс қалдықтары абаттандыру қағидаларын бұзу болып саналады және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Полиция мәліметінше, жыл басынан бері Алматыда абаттандыру талаптарын бұзғаны үшін 35 мыңнан астам адам жауапқа тартылған. Сонымен қатар аудан әкімдіктері және қоғам өкілдерімен бірлесіп, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Оларды жою және тиісті шаралар қабылдау үшін 93 материал жолданған.
Полиция құрылыс жұмыстары қала тазалығына жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді.