Алматыда ҚСЗИ мамандары Ұлттық құрылтайдың басты тақырыптарын талқылады
Жиын Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінің конференц-залында өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Алматыда ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) ұйымдастыруымен «Ұлттық құрылтайдың түйінді месседждерін жүзеге асыру аясындағы сарапшылар қауымдастығының өзара әрекеттесу форматтары» тақырыбында сараптамалық талқылау өтті. Жиынға Ұлттық құрылтай мүшелері, жетекші қазақстандық сарапшылар, ғылыми-зерттеу және білім беру ортасының өкілдері қатысты.
Іс-шара қоғамда өзекті идеологиялық күн тәртібін ілгерілету және оларды қабылдауына ықпал ету үшін ғалымдардың, сарапшылардың, Алматы қаласының жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының және азаматтық сектор, мемлекеттік органдар өкілдерінің өзара іс-қимылы мен тиімді коммуникациясына бағытталған.
ҚСЗИ-да зерттеудің негізгі 3 бағыты бар, олар: ішкі саясат, сыртқы саясат және экономикалық зерттеулер. Алдағы уақытта біз бұл бағыттар бойынша да сарапшыларды жинап, талқылайтын боламыз. Ойды ортаға салып, пікір алмасатын мәселелер көп. Мұндай тұсте сіздердің жаңа пікірлеріңіз қажет. ҚСЗИ Алматыда қаласындағы талқылау алаңдарды қайта жандандырып жатыр. Себебі Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында Президент сарапшылардың әлеуетін біріктіру қажет екенін айтқан болатын. Өткен жылдан бері институт бұл бағытта жұмыс істеуді бастады. Біз әр аймақта өңірлік сарапшылар кеңесін құрып, ортақ база жасаудамыз, – деді Алматы қаласындағы ҚСЗИ өкілдігінің басшысы Әсел Назарбетова.
Сараптамалық кездесу барысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың III отырысы барысында айтылған тапсырмалары мен сарапшылардың бастамаларын, Алматы қаласы сарапшылар қауымдастығының өзара іс-қимылының форматтары мен бағыттарын, Ұлттық құрылтайдың түйінді месседждерін іске асырудағы және Әділетті Қазақстанды құрудағы сарапшылардың әлеуеті талқыланды.
Елімізде 90-шы жылдардан бері «Қазақстанға өзіндік идеология қажет пе» деген сұраққа пікірталас жүріп жатыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бір идеологиялық мемлекеттен шыққан соң, халық оны қажет етпеді. Одан кейін идеология бағытындағы жұмыс толқын-толқынмен жүрді. 2010 жылы экономикалық кризис болды да, кірісін айырылған халық оны тағы қабылдаған жоқ. Одан кейін «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру» сынды идеялар шеруі жүрді. Бірақ оны іске асырудың жолдары анық болмады. Қазір Мемлекет басшысының бастамасымен халықымыздың құндылықтарды айқындалды. Бұл осы құндылықтарды негізге ала отырып елдің жаңғыруына жол ашатын үлкен мүмкіндік, – деді Ұлттық құрылтай мүшесі, белгілі саясаткер Андрей Чеботарев.