11 Мамыр 2023 2023, 01:52 Фото: toppress.kz

Алматыда ҚР VI Жазғы Паралимпиада ойындары өтеді

Жарысқа 1000-нан аса спортшы қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарысқа 1000-нан аса спортшы қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

11-30 мамыр аралығында Алматы, Астана және Ақтөбеде Қазақстанның VI Жазғы Паралимпиада ойындары еліміздің 20 өңірінен 10 спорт түрінен 1000-нан астам спортшының қатысуымен өтеді.

Алматыды футбол, пара-жеңіл атлетика және гандболдан жарыстар жоспарлануда.

Паралимпиада ойындары нәтижесінен 2024 жылы Париждегі Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама іріктеледі.

Жарыстар 11 мамыр басталады. Еліміздің ең мықты спортшылары осы додаларда бақ сынайды.