Алматыда ҚР Конституциясы күні қалай атап өтіледі

Қазақстан Республикасының Конститутция күні Алматыда қалай атап өтіледі? Бұл сауалға қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыда мерекелік концерт 29 тамызда сағат 19:00-де Абай алаңында өтеді. Іс-шараға қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады: "МұзАрт" және "Жігіттер" тобы, Қайрат Нұртас, Мархаба Сәби, Калифорния, Yenlik, Ильхан Исханов, Жанар Дугалова, Hey Monro және т. б.

Қонақтар мен қала тұрғындары үшін сахна экрандарында тақырыптық бейнелері бар 13 музыкалық нөмір ұсынылады. Сондай-ақ 30 тамызда Конституция күніне орай бірқатар спорттық іс-шара ұйымдастырылады.

Сонымен қатар мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында өтеді:

  1. Әуезов ауданында салтанатты іс-шара 29 тамызда сағат 11:00-де, Family Park демалыс саябағында өтеді.
  2. Наурызбай ауданында эстрада жұлдыздарының қатысуымен Конституция күніне арналған концерт 29 тамызда сағат 11:00-де, Инновациялық шығармашылық орталығында (Шұғыла шағынауданы, 347/4) өтеді.
  3. Алатау ауданында Конституция күніне арналған концерт 29 тамызда сағат 16:00-де Атлетикалық ауыл аумағында өтеді.
  4. Бостандық ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 29 тамызда сағат 17:00-де MEGA Alma-Ata СОО амфитеатрында өтеді.
  5. Түрксіб ауданында қазақстандық жұлдыздар мен көркем ансамбльдердің қатысуымен мерекелік бағдарлама 29 тамызда сағат 18:00-де Сейфуллин даңғылы, 13/1 бойынша №6 оқушылар үйінің аумағында өтеді. Аудандық мереке туды салтанатты түрде шығаруды, әнұранды орындауды, 16 жастағы азаматтарға жеке куәліктерді табыстауды, ұтыс ойындары мен конкурстарды, сондай-ақ ашық аспан астында кино көрсетуді қамтиды.
  6. Жетісу ауданында Конституция күніне орай салтанатты концерт 29 тамызда сағат 19:00-де "Гүлдер" саябағында, Серіков көшесі, 2а.
  7. Медеу ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 30 тамызда сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында, Гоголь көшесі, 1-де өтеді.
  8. Алмалы ауданында концерт 30 тамызда сағат 17:00-де Сейфуллин даңғылы, 483 мекенжайы бойынша Mega Park СОО аумағында өтеді.

Сонымен қатар, 30 тамызда ҚР Конституциясы күніне орай бірқатар спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

30 тамызда Қазақстанда Конституция күні атап өтіледі. Бұл күні 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда елдің басты құжаты қабылданды. Содан бері бұл күн мемлекеттік мейрам болып саналады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы